Реклама от asia.kz: Картриджи, тонер, принтеры, расходные материалы
Картриджи, тонер, принтеры, расходные материалы по низким ценам
westlan.kz

Жаңаөзен қаласының сайты

Объявление от Asia.kz:
Картриджи, тонер, принтеры, расходные материалы

Картриджи, тонер, принтеры, расходные материалы по низким ценам

 
 
Реклама:
Конструктор сайтов Asia.kz
Конструктор сайтов Asia.kz
 
 

Сайтқа қош келдіңіз!!!





«Мұнайлы мекенім-Жаңаөзен»

 

Жаңаөзен қаласы туралы ақпарат

Алпысыншы жылдардың басында Өзен кенорнына барлаушы-геологтар түпкілікті қоныстанып, өздерінің зерттеу-барлау жұмыстарын жоспарлы жүргізді. Қызылсайда алғашқы мекен-жайлар пайда болып, жан-жақтан халық жинала бастады. Алғашында жертөлелер мен вагондар орналастырылып, соңынан сол маңдағы жерқабақтардағы жұмыс тастарды тұрғын үй тұрғызуға пайдаланады. Сөйтіп барлаушы-геологтар мекені Өзен поселкесі пайда болды. Түбекті игерушілердің жанқиярлық еңбегі босқа кетпеді. Алпысыншы жылдары Өзен кенорнынан газ бен мұнайдың көзі ашылды. 1964 жылы қазіргі мұнайшылар қаласының қазығы қағылып, қала типтес жұмысшы поселкесі пайда болды. Онда Маңғыстау жарты аралында тұңғыш рет мұнай кәсіпшілігі басқармасы құрылды, бұл өлкеде екпінді құрылысшы бригадалары жасақталып, тұрғын үйлер мен мәдени нысандарды салу жұмыстары жүргізілді.

1968 жылы 21 қазанда Қазақ КСР Жоғары Кеңес Президиумының қаулысымен Гурьев (қазіргі Атырау) облысықұрамында Өзен ауданы құрылып Жаңаөзен поселкесі қала статусын алды.

Жаңаөзен қаласының және оған іргелес елді мекендердің (Теңге және Қызылсай селоларында, Рахат кентінде) туу көрсеткішінің есебінен жыл басынан бері 4500 адамға өсіп, халқының саны 130 000 адамды немесе облыс бойынша халық санының 22,2 пайызын құрайды. Жаңаөзен қаласының әкімшілік - аумақтық құрамына 2 селолық округ - Теңге (18700 адам) және Қызылсай (3500 адам), сондай ақ 2012 жылы жаңадан құрылған Рахат кенті(30800 адам) кіреді.

Экономикасы

Есепті кезеңде өнеркәсіптік кәсіпорындар қолданыстағы бағада 141,9 млрд. теңгенің өнімін өндірді. Өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 112,4 пайызды құрады. Жаңаөзен қаласының мұнай және газ өндіретін ірі кәсіпорындардың бiрі-"Өзенмұнайгаз" АҚ"ҚазГӨЗ" ЖШС. 2012 жылдың сәйкес кезеңінен мұнай өндіру көлемі 457,4 мың тоннаны құрады немесе 2,9 пайызға көбейді

Жаңаөзен қаласының басшысы туралы ақпарат

Әбілов Елубай Жақайұлы

Әбілов Елубай Жақайұлы- 1962 жылдың 19 тамызында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Бiлiмi жоғары. 1980-1985 жылдар аралығында М.И.Калинин атындағы Түркмен ауылшаруашылығы институтында көк өнім және жүзім шаруашылығы мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолы. 1986-1989 жылдар аралығы Красноводск қаласында облыстық ауылшарушылық қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінде нұсқаушы. 1989-2002 жылдар аралығы Красноводск аудандық атқару комитетінде аға экономист, табиғатты қорғау және экология инспекциясында бастық, денсаулық, білім және әлеуметтік мәселелері бойынша бөлім бастығы, іс басқармасының бастығы. 2002-2003 жылдар аралығы Маңғыстау поселкесі әкімінің орынбасары. 2003-2007 жылдар аралығы Маңғыстау поселкесінің әкімі. 2007-2010 жылдар аралығы Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары. 2010 - 2015 жылдар аралығында Мұнайлы ауданының әкімі. 2015 жылдың шілде айынан бастап Жаңаөзен қаласының әкімі. «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы.

 
 
 
 
Пожаловаться на сайт